kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Ғылыми жоба ережесі»
17-07-2020 10:20

                                                                          

Направления и секции конкурса научных проектов:

 

І. Научно-технический прогресс – как ключевое звено экономического роста.

Секции:Физика

                         Техника

                         Наука о Земле и Космосе

 

 

ІІ. Математическое моделирование экономических и социальных процессов.

Секции:Математика

                         Прикладная математика

                         Экономика

                         Информатика

 

 

ІІІ. Здоровая природная среда – основа реализации стратегии «Казахстан - 2050»

Секции:Биология

                         Химия

                         Охрана окружающей среды и здоровья человека

 

 

ІV. Исторические памятники Казахстана и перспективные туристические маршруты

Секции: История

                          Краеведение

                         Этнокультуроведение

                         Литература

                         Языкознание

                         Человек и общество

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстар өткiзу 

ЕРЕЖЕСІ

 

1.  Жалпы ережелер

 

1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жарыстар (бұдан әрі – Жарыстар)ғылым мен техника бойыншаХалықаралық жарыстар (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі – Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткiзедi.

2. Жарыстардың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

1) оқушылардың ғылыми-зерттеу жәнеоқу-танымдық қызметін ынталандыру;

2) ой еңбегiнiң беделiн арттыру;

3) еңталантты жәнедарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;

4) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

3. Республикалық жарыстар төрт кезеңде өтедi:

1) бiрiншi кезең– мектептiк, аудандық (қалалық) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;

2) екiншi кезең – облыстық(Алматы және Астана қалаларының мектептерi мен республикалық мектептері жарыстары мәртебесi жағынан облыстық жарыстармен теңестiрiледi);

3) үшiншi кезең  – iрiктеу кезеңi екі турда өтедi;

бірінші тур – бейiндiк  пән бойынша тестiлеу;

екінші тур – жобаны алдын ала сараптау;

4) төртiншi (қорытынды) кезең – республикалық.

4. Жарыстардың бірінші кезеңiн өткiзу мерзiмi облыстық, Астанажәне Алматы қалалары бiлiм департаменттерiнiң бұйрықтарымен белгiленедi. Жарыстардың екінші-төртінші кезеңдерi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінiң (бұдан әрі –Министр) бұйрығымен белгiленген мерзімде өткізіледі.

2. Ғылыми жарыстарға  қатысушылар

 

5. Ғылыми жарыстардың бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшiлерінiң ұсынуымен 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Зерттеу жұмысын екi оқушыдан артық орындауға болмайды.

6. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.

Зерттеу жұмыстарының тақырыптары тиісті жылдағы 20 қыркүйектен кешiкпей тiркелуi керек.

7. Жарыстардың үшінші кезеңiне қатысуға үміткерлер - облыстық, Астана, Алматы қалалары және республикалық мектептері жарыстарының жүлдегерлері, сондай-ақ Кiшi Ғылым Академиясының, ”Жас ғалым” республикалық мектебiнiң ғылыми-практикалық конференцияларының жеңiмпаздары болады және әр секция бойынша бiр зерттеу жұмысынан ғана  қатыса алады.

8. Сараптамалық комиссия осы Ережеде мазмұндалған талаптарға сәйкес iрiктеу кезеңiнде ұсынылған зерттеу жұмыстарын сараптамадан өткiзгеннен кейiн әр секция бойынша ғылыми жарыстың төртінші кезеңiнiң қатысушыларын анықтайды.

 

3. Жарыстардың сараптау комиссиясы

 

9. Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы бағыты бойынша кемінде бес ғалым (маман) кiредi. Сараптау комиссияның құрамы ғылыми жарыстардың тиiстi кезеңiн ұйымдастыратын ұйымның бұйрығымен бекiтiледi.

10. Iрiктеу кезеңiнiң комиссиясы осы ереженің 2-қосымшасында көрсетілген бағалау өлшемдерi бойынша зерттеу жұмыстарын қарап, әрбiр жобаны рецензиялайдыжәнереспубликалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.

 

4. Ғылыми жарыстардың үшінші, төртінші кезеңдерiнөткiзу

 

11. Үшіншікезең екi турда өткiзiледi:

бірінші тур - бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жарыстарының жүлдегерлері үшiн, екінші кезеңнiң қорытындылары хабарланғаннан соң сынып пен тиісті секцияға сәйкес осы пәнді тереңдетiп оқыту бағдарламасы бойынша бейiндiкпәннентестiлеуден өткізіледi.

Әдiстемелiк кеңес дайындаған тестер орындауға 2 астрономиялық сағат берiлетiн 60 сұрақты (120 балл) қамтиды.

Алдын ала сараптауға авторлары тестiлеудiң жалпы ұпай санынан 50%-дантөмен емес ұпай жинаған жұмыстар ғана жiберiледi. Iрiктеу кезеңiнің қорытындыларын өткізуде тестiлеуде алған ұпайлар қосылмайды.

Командалық жұмыстары үшiн өту ұпай саны жұмыс авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып табылады.

Екінші тур – iрiктеу кезеңiнiңсараптама комиссиясы жүргiзетiн жұмыстардың алдынала сараптамасы.

12. Төртіншікезеңгеқатысушылардың тiзiмiнМинистрлiк бекiтедiжәне бекiтiлгеннен кейін үш күн ішіндеоблыстық, Астанажәне Алматы қалаларының бiлiм департаменттерiнiң назарына жеткiзіледi.

Iрiктеу кезеңiнiңқорытындылары бойынша апелляция өткiзiлмейдi.

13. Төртіншікезең– зерттеу жұмысын қорғаужәне осы Ереженің 6-тарауының талаптарына сәйкесресімделгенстенд материалын ұсыну. Жұмысты  қорғау кезiнде авторға (бiрiккен авторларға) баяндама үшiн 10-15 минут берiледi.

Жарыстардың қорытындылары жұмыстардың алдын ала сараптауда алынған балдарын есепке ала отырып шығарылады.

Республикалық кезеңнен кейiн апелляция жүргiзiлмейдi.

 

5.  Жарыстарға ұсынылатын зерттеу жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптар

 

14. Ғылыми жарыстарға:

1) ғылымның осы саласындағы фактiлерді, оқиғаларды, құбылыстарыжарияететін жәнебұрын танылмаған жекелеген қырларын;

2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк үрдістердi тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің құралдардың конструкцияларын;

3) әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық-заңды негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылуы мүмкін;

4) кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптар пайдаланған жағдайда, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн, адам денсаулығы және жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттарды (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялықбелсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин)пайдалануға байланысты тәжірибелері бар жұмыстар жiберiлмейдi;

5) Жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар жарыстарға қатысуға жіберілмейді.

15. Зерттеу жұмыстарын ресiмдеуге қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылуы керек және  мынадай құрылымнан тұрады:

титул парағы;

мазмұны;

абстракты (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тiлiнде жазылады;

кiрiспе;

зерттеу бөлiмi;

қорытынды;

пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;

2) титул парағында мыналар көрсетiледi:

жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;

автордың (бiрiккен автордың)тегi, аты, сыныбы;

жұмыстың атауы;

жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;

қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;

3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес):

зерттеудің мақсатын ;

гипотезасын;

кезеңдерiн,зерттеудiң рәсімін;

тәжірибенің әдiстемесiн;

зерттеудiң жаңалығынжәне дербестiк дәрежесiн;

жұмыстың нәтижесiн және қорытындысын;

нәтижелерді практикалық қолдану салаларын қамтитын зерттеу жұмысының қысқаша мазмұнын білдіруі керек;

4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: зерттеулердің таңдалған тақырыптарының өзектілігін, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi), алға қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;

5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы мүмкiн және мына мазмұнда:

осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзу және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;

алға қойылған мiндеттердi шешудiң әдiстерiн сипаттау;

жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;

безендiрiлген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.);

6) пайдаланылған әдебиетке сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек.Мәтiнде кездесетiн сiлтемелерде нөмiрлеу жүйесі болуы керек;

7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;

8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:

автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;

мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшiн);

журналдың, кiтаптың аты;

басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);

басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;

9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн  әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары айтылатын жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;

10) Жарыстардың төртiншi кезеңiне (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.

16. Стендтi ресiмдеуге қойылатын талаптар:

стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстракты, қатысушының тегiн, жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;

стендтегi материалдар жұмыстың мазмұны айқындалған, кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, қорытындыларды қоса алғанда талғаммен ресiмделген болуы керек;

мазмұнды дайындау кезiнде негiзiнен назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге аудару қажет.

17. Ғылыми жетекшi алынған нәтижелердің нақтылығы мен мүлтiксiздiгiне, жұмыстың диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылымиұжымдардың есептерiнен көшiрiлген нәтижелерден тұрмайтындығына жауапкершiлiк алады. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларын ала отырып өз қолынан келетін жұмысты орындау керек.

 

6.  Жеңiмпаздарды  марапаттау

 

18. Облыстық, Астана және Алматы  қалалары жарыстарының  жеңiмпаздары, облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм департаменттерiнiң бұйрығы негiзiнде бірінші дәрежелі, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен марапатталады.

19. Ғылыми жарыстардың төртінші кезеңiнде әр секциядан алтыдан артық емес үздiк зерттеу жобалары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығы негiзiнде бірінші, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен марапатталады.

 

Жалпы білім беретін пәндер

бойынша  ғылыми жобалар конкурсын

                                                                                                         өткiзу ережесіне

                                                                                                             1-қосымша

 

 

 Республикалық ғылыми жобалар конкурсының пәндері мен секциялары

 

Секциялар

Пәндері

  1.  

Физика

физика

  1.  

Техника

физика

  1.  

Жер және космос туралы ғылымдар

физика

  1.  

Математика

математика

  1.  

Қолданбалы математика

математика

  1.  

Информатика

информатика, математика

  1.  

Экономика

география, математика

  1.  

Биология

биология

  1.  

Химия

химия

  1.  

Адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау

биология

  1.  

Тарих

Дүниежүзілік тарихы және Қазақстан тарихы

  1.  

Адам және қоғам

Дүниежүзілік тарихы, құқықнегізі

  1.  

Өлкетану

ГеографияжәнеҚазақстан тарихы

  1.  

Әдебиет

Әдебиет(орыс, қазақ)

  1.  

Этномәдениеттану

Қазақстан тарихы, әдебиет

  1.  

Тiл бiлiмi

қазақ, орыс, ағылшын, неміс  тілдері

 

Жалпы білім беретін пәндер

бойынша  ғылыми жобалар конкурсын

                                                                                                         өткiзу ережесіне

                                                                                                   2-қосымша

 

 

«Қазақстан-2030» стратегиясын iске асырудареспубликаның экономикалық және әлеуметтiк-мәдени дамуының модельдерi» атты республикалық жарыстарға ұсынылатын оқушылардың зерттеу жұмыстарын бағалау өлшемдері

 

Бағаланатын өлшем

Мүмкiн

бағалар

Бағалау негiздемесi

. Шығармашылық қабiлеттiлiк

жекежұмыс үшiн30 ұпай,

командалық жұмыс үшiн

25ұпай

 

Егер жұмыс автор(лар)ы проблеманы шешудiң жаңа ғылыми тәсiлiн жасауда шығармашылыққабiлеттiлiк танытса,жеке жұмыс үшiн 25-30, командалық жұмыс үшiн 20-25 ұпай қойылады.

 

Егер автор(лар) мәлiметтердi талдаудың жаңа қондырғылар жасау немесе жаңа тәсiлiн қолдануда шығармашылыққабiлеттiлiк танытса,жеке жұмыс үшiн 20-25, командалық жұмыс үшiн 15-20 ұпай қойылады.

 

Егер автор(лар) мәлiметтердi өзiнше түсiндiруде шығармашылыққабiлеттiлiк танытса,жеке жұмыс үшiн 10-20, командалық жұмыс үшiн 10-15 ұпай  қойылады.

 

Егер жұмыс реферативтi сипатта болса, 10 ұпайға дейiн қойылады.

2. Ғылыми ойлау

жекежұмыс үшiн30 ұпай,

командалық жұмыс үшiн

25ұпай

Жекелеген өлшемдердің әрбiрі жеке зерттеу жұмысыүшін  3 ұпай және командалық зерттеу жұмысы үшiн 2,5 ұпай көлемiнде бағаланады.

Зерттеу жұмысы  үшiн:

  1. қарастырылып отырған проблема қаншалықты айқын және нақты ұсынылған;
  2. жоспарланған ғылыми нәтиже алу мүмкiндiгi мол болуы үшiн шешетiн міндет қаншалықты айқын көрсетiлген;
  3. міндетті шешудiң нақты жоспары бар ма;
  4. міндетті шешуде ауыспалылықтар нақты анықталған ба;
  5. автор нәтижелердi кезең-кезеңімен тексерудің қажеттiлiгiн (егер ол қажет болса) көре алды ма және оны дұрыс қолданды ма;
  6. қорытындыны нақтылау үшiн мәлiметтер сәйкес таңдалған ба;
  7. автор(лар) мәлiметтердiң қорытынды үшiн шектеулілігін мойындай ма;
  8. автор (команда) қойылған мәселенi шешуде осы жұмыс мүмкiндiктерінің шектелетiнiн сезiне ме;
  9. автордың (команда) мәселенi шешуге кепiлдiк беретiн, зерттеудiң келесi кезеңi турасында идеясы бар ма;
  10.  автор(лар) ғылыми әдебиеттерден немесе тек қана көпшiлiк әдебиеттерден дәйексөз келтіреді ме;

техникалық зерттеу жұмыстары үшiн:

  1. жұмыс мақсаты қаншалықты айқын;
  2. жаңалықтың әлеуетті тұтынушылары бар ма;
  3. нәтиже өмiрде iске аса ма;
  4. үнемдi орындалған ба;
  5. әлеуетті тұтынушыға тиiмдi ме;
  6. нәтиже түпкiлiктi қойылған мәселенi шешуде жетiстiкпен қолданыла ма;
  7. техникалық шешiмнің шын мәнiнде алдыңғы белгілі нұсқаларымен салыстырғанда елеулi артықшылығы бар ма;
  8. нәтиже нақты жағдайда тексерiлген бе;
  9. зерттеудiң келесi кезеңiне байланысты мәселенi шешуге кепiлдiк беретiн автордың (команданың) идеясы бар ма;
  10. 10. автор(лар) ғылыми, әдебиеттерденнемесе тек қана көпшiлiк әдебиеттен дәйексөз келтіреді ме.

 

 

 

3.Қолданылған зерттеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгi

жекежұмыс үшiн15 ұпай,

командалық жұмыс үшiн

12ұпай

Егер зерттеу жұмысының автор(лар)ы жұмыс барысында бiлiмнің саласында мүлдем жаңа нәтижелер алуға мүмкiндiк беретiн қазiргi тиiмдi қондырғыларды немесе қазiргi теориялық әдiстердi пайдаланса,жеке жұмыс үшiн 10-15 ұпай, командалық жұмыс үшiн 10-12 ұпай қойылады. 5-10 жеке және 5-10 командалық. Егер зерттеудiң бұрынғы (ескірген) әдiстерiн пайдаланып, бiрақ жаңа нәтиже шығарылса қойылады. Егер жұмыс реферативтi сипатта болса,

5 ұпайға дейiн қойылады.

4. Тақырыпты ашу дәрежесi

(жете ашуы)

жекежұмыс үшiн15 ұпай,

командалық жұмыс үшiн

12ұпай

Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негiзiнде қойылады:

  1. жұмыс жоспарланған деңгейге дейiн жеткiзiлген бе;
  2. шешілетін проблема қаншалықты толық қамтылған;
  3. қорытынды жекелеген тәжірибеге негiзделген бе, әлде қайталанған ма;
  4. материал жұмыста қаншалықты айқын және нақты берiлген;
  5. автор(лар) мәселенi шешудiң басқа тәсiлдерiн бiле ме;
  6. автор(лар) зерттелiп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен қаншалықты таныс

Әр өлшем бойынша жекежұмысға 2,5 ұпай, командалық жұмыс үшiн 2 ұпай қойылады

5. Шеберлiгі шешендiк, ұсынылатын материалдың сапасы, айқындылығы

жекежұмыс үшiн10 ұпай,

командалық жұмыс үшiн

10ұпай

Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағаларды ескере отырып қойылады:

  1. автор(лар) жұмысты қандай дәрежеде айқын және ұтымды баяндай алады (3 ұпай);
  2. баяндамада жұмыс мазмұны қандай дәрежеде толық баяндалған (2 ұпай);
  3. жұмыстың негiзгi жерлерiн қаншалықты баса көрсете алған (1 ұпай);
  4. жұмыста қолданылған тәжірибелік мәлiметтер қаншалықты нақты және айқын ұсынылған

     (1 ұпай);

  1. жұмыс нәтижелерi қаншалықты айқын және нақты көрсетiлген (1 ұпай);
  2. жұмыс нәтижелерiн стенд қаншалықты жақсы ұғындырады (2 ұпай);

 

6.Команда мүшелерiнiң үйлестiру деңгейi (тек командалық жұмыстар үшін)

Барлығы

16 ұпай

Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негiзiнде қойылады:

  1. жалпы жұмыста әр қатысушының мiндеттерi қаншалықты айқын және нақты белгiленген (4 ұпай);
  2. команданың әр мүшесi команданың барлық жұмысымен қаншалықты таныс (3 ұпай);
  3. аяқталған жұмыс команда мүшелерiнiң күш-жiгер үйлесiмдiгiн қаншалықты көрсеттi (3 ұпай);
  4. команданың әр мүшесi жұмыс материалын қаншалықты жақсы баяндайды (3 ұпай);
  5. берiлген зерттеу жұмысын командамен орындаудың қажеттiлiгi қандай болды (3 ұпай) немесе бұл нәтижелердi жекелей алуға болатын ба едi (0 ұпай).

 

(Әрбір өлшем үшін қойылатын максималды ұпайлар көрсетілген)

Барлығы                                         100 ұпай

 

 

             Жалпы білім беретін пәндер

бойынша  ғылыми жарыстар

                                                                                                     өткiзу ережесіне

                                                                                                           3-қосымша

 

Тестiлеудi өткiзу  үшiн бейiндiк пәндердiң  тiзiмi

 

Секциялар

Бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу

  1.  

Физика

физика

  1.  

Техника

физика

  1.  

Жер және космос туралы ғылымдар

физика

  1.  

Математика

математика

  1.  

Қолданбалы математика

математика

  1.  

Информатика

информатика,  математика

  1.  

Экономика

география, математика

  1.  

Биология

биология

  1.  

Химия

химия

  1.  

Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы

биология

  1.  

Тарих

тарих

  1.  

Құқық негізі

тарих, құқықнегізі

  1.  

Өлкетану

география және  тарих

  1.  

Әдебиет

әдебиет

  1.  

Этномәдениеттану

тарих және әдебиет

  1.  

Тiл бiлiмi

қазақ, орыс, ағылшын, неміс тiлдері