Химия пәнінен үшінші деңгейлі есептерді шешу технологиясынан үлгілер
(Павлодар қаласының “Жас дарын” мамандандырылған мектебінің жоғары санатты химия пәні оқытушысы Әлібеков Мұрат Сабырұлы)
Тереңдете оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады.
Бұл жағдай :
а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі
меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) тереңдете оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағ-
дайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу
материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай
жасайды.
Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше тереңдете оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге, оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.
Тереңдете оқыту негізіндегі педагогикалық технология мазмұны-
ның ерекшілігі:
- жеке құрылымдарға бағдар беру;
- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының,
материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады.
Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:
I – деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей
қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланыс-
ты болуы керек;
II – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар,
яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін
алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
III – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды
орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша мең-
герген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдету-
мен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық
ашуы тиіс;
2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер;
3) Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптас-тырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәреже-де олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.
2) олимпиадалық есептер;
3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағ-дысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Тапсырмаларды деңгейге бөліп берудегі мақсат – сынып оқушы-ларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау;
- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар
екінші деңгейдің тапсырмаларын;
- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшінші
деңгейлердің тапсырмаларын орындайды;
Үшінші деңгейдің ізденуді қажет ететін тапсырмаларын, әрине
дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әр қайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.
Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне - өзінің сенімі артады.
Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.
Үшінші деңгейлік тапсырмаларға мынадай есептерді ұсынуға болады:
- Құрамында 0,1 молярлы 200 мл мыс (II) нитраты және 0,1
молярлы 300 мл күміс нитраты бар ерітінді күші 4 А токпен
965 с электролизделінді.Электролиз аяқталғаннан соң
ерітіндіде қай тұздан, қанша мөлшерде (г) қалатынын
анықтаңдар.
A) Cu(NO3)2; 0,94
B) AgNO3; 0,94
C) электролизден соң ерітіндіде тұз қалмайды
D) AgNO3; 5,1
E) Cu(NO3)2; 2,82
Шешуі:
Берілгені:
См(Cu(NO3)2) – 0,1М
V(Cu(NO3)2) – 200 мл
См(AgNO3) – 0,1М
V(AgNO3) – 300 мл
I – 4 A
t – 965 c
———————————
табу керек: тұз - ?
m(тұз) - ?
1) Ерітіндінің молярлық концентрациясы формуласы бойынша
ерітіндідегі әр бір тұздың массасын анықтаймыз:
См = → m(Cu(NO3)2) = = = 3,76 г
См = → m(AgNO3) = = = 5,1 г
2) Катодта металл иондарының тотықсыздану реті олардың
стандарттық электродтық потенциалдар қатарындағы орнына тәуелді. Бұл қатарда күміс ионы мыс ионынан кейін орналас-қан, сол себепті бірінші орында күміс иондары тотықсыздана-ды.
Фарадей формуласы бойынша 5,1 г күміс нитратын электро-лиздеуге қажетті ток күшін анықтаймыз:
m(AgNO3) = → i = = = 3 A
3) 4 А токтың 3 A і күміс нитратын электролиздеуге жұмсалды,
қалған токпен қанша массадағы мыс (II) нитратын электро-
лиздеуге болатынын есептейміз:
I = 4 – 3 = 1 A
m(Cu(NO3)2) = = = 0,94 г
4) Ерітіндіде қалған тұз - мыс (II) нитраты, оның массасы:
m= 3,76 – 0,94 = 2,82 г
Жауабы: Е
Ескерту:тұздардың эквиваленті мына формуламен анықталады:
Э(тұз)= = = 94
- Күміс нитратының 136 мл (ρ= 1,25 г/мл) 10% - ды ерітіндісіне
массасы 10 гмыс тақташа (пластинка) салынды. Мыс тақта-
шаның массасы 12,28 г болғанда ерітіндіден алынды. Ерітін-
діге өткен мыстың, бөлінген күмістің массаларын (г) және
ерітінді құрамында қалған күміс нитратының массалық үлесін
(%) есептеп табыңдар (Ar(Cu) – 63,5; Ar(Ag) – 107,87).
A) m(Cu) – 3,42; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 8,13%
B) m(Cu) – 3,26; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 4,93%
C) m(Cu) – 3,16; m(Ag) – 5,45; ω2(AgNO3) – 5,25%
D) m(Cu) – 4,26; m(Ag) – 7,04; ω2(AgNO3) – 6,43%
E) m(Cu) – 3,26; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 7,93%
Шешуі:
Берілгені:
ω1(AgNO3) – 10,0%
V(AgNO3) – 136,0 мл
ρ – 1,25 г/мл
m1– 10,0 г
m2– 12,28 г
———————————
табу керек: m(Cu) - ?
m(Ag) - ?
ω2(AgNO3) - ?
1) Ерітіндідегі күміс нитратының массасын мына формула бойын-
ша табамыз: ω = → m(AgNO3)= = = 17 г
2) Мыс тақташа ерітіндіге батырылғанда мынадай реакция жүреді:
Cu + 2AgNO3 = Cu(NO3)2 + 2Ag↓
3) Мыстың қанша мөлшері (моль) еритінін және күмістің бөлінген
мөлшерін мына теңдеу бойынша анықтаймыз:
а) ν= → m = ν.M
ә) 10 – 63,5ν+ 107,87ν= 12,28
44,37ν= 2,28
ν= 0,0514 моль
4) Ерітіндіге өткен мыстың массасы:
m(Cu) = ν.M = 0,0514.63,5 = 3,26 г
Бөлінген күмістің массасы:
m(Ag) = ν.M = 0,0514.107,87 = 5,54 г
5) Ерітіндіде қалған күміс нитратының массасы:
m(AgNO3) = 17 - ν.M = 17 – 0,0514.169,87 = 8,27 г
6) Реакциядан кейінгі ерітіндідегі күміс нитратының массалық үле-
сін есептейміз:
ω2(AgNO3) = = = 4,93%
Жауабы: m(Cu) – 3,26; m(Ag) – 5,54; ω2(AgNO3) – 4,93%
Ескерту:Бастапқы ерітіндінің массасы еріген мыстың есебіне
артады, ал ерітіндіден бөлінетін күмістің есебіне кемиді.
M1= ρ.V= 1,25.136 = 170 г;
M2= M1+ m(Cu) – m(Ag) = 167,72 г
3. Мыс (II) сульфатының 20% - ды 400 г ерітіндісін инертті элек-
тродта ерітінді массасы 76 г ға азайғанға дейін электролиздеді.
Электродтарда бөлінген заттардың массаларын (г) анықтаңдар:
1) катодта 32 г мыс; 2) катодта 8 г мыс; 3) катодта 4 г сутегі;
4) анодта 40 г оттегі; 5) анодта 32 г оттегі; 6) анодта 8 г оттегі
A) 3, 5
B) 1, 6
C) 2, 3, 6
D) 1, 3, 4
E) 1, 5
Шешуі:
Берілгені:
ω(CuSO4) – 20,0%
m(CuSO4) – 400,0г
m– 76,0 г
———————————
табу керек: m(заттар) - ?
1) Ерітіндідегі мыс (II) сульфатының массасын мына формула
бойынша табамыз: ω = → m(CuSO4) == = 80 г
2) Электролиз теңдеуін түземіз:
2CuSO4+ 2H2O 2Cu↓ + O2↑ + 2H2O
320 г ——————— 128 г—32 г
80 г ——————— х1 г — х2г
х1=32 г х2= 8 г
М = 76 – 32 г(Cu↓) – 8г(O2↑)= 36 г
3) Есептің шартында ерітінді массасы 76 гға азайған, демек электролизде тұздан басқа су молекулаларыда (36 г) тотығу-тотықсыздану реакциясында қатысқан:
2H2O 2H2↑ + O2↑
36г———— 4 г — 32 г
36г———— х1 г — х2 г
х1=4г х2=32г
4) Электродтарда бөлінген заттар:
а) мыс – 32 г
ә) оттегі – ( 8 + 32 ) = 40 г
б) сутегі – 4 г
Жауабы: D
4. 60% ды ерітінді түзілуі үшін күкірт қышқылының 20% ды
300 граммерітіндісіне қанша литр (қ.ж.да) күкірт триоксидін сіңіру қажет ?
A) 192,00
B) 67,72
C) 53,76
D) 235,2
E) 105,42
Шешуі:
Берілгені:
ω1(H2SO4) – 20,0%
M(H2SO4) – 300,0г
ω2– 60,0%
———————————
табу керек: V(SO3) - ?
1) Берілген ерітінді құрамындағы қышқылдың массасын
мына формуламен анықтаймыз:
ω1= → m1(H2SO4) == = 60 г
2) Күкірт триоксиді суда ерігенде күкірт қышқылы түзіледі, мына
теңдеу бойынша төмендегідей пропорция түземіз:
SO3 + H2O = H2SO4
80 гнан —— 98 г түзіледі
х г нан —— у г түзіледі
у = = 1,225xг
3) Енді мына формула бойынша есептеулер жүргіземіз:
ω2= → 60 =
60(300+x) = (60+1,225x)100
18000 + 60x= 6000 + 122,5x
18000 – 6000 = 122,5x– 60x
12000 = 62,5x
x= 192 г
4) Табылған массаны көлемге аударамыз:
а) ν = = = 2,4 моль
ә)
Жауабы: С
5. 60% ды ерітінді дайындау үшін 500 г суға қанша грамм олеум
H2SO4.SO3 қосу қажет ?
A) 984,0
B) 850,0
C) 500,0
D) 780,0
E) 600,0
Шешуі:
Берілгені:
ω(H2SO4) – 60,0%
M(H2O) – 500,0г
———————————
табу керек: m(H2SO4.SO3) - ?
1) Олеум суда ерігенде мынадай процесс жүреді:
H2SO4.SO3+ H2O = H2SO4+ H2SO4
178 гH2SO4.SO3тен——— ( 98 + 98) = 196 гтүзіледі
х г нан —————————у г түзіледі
у = = 1,1xг H2SO4
2) Енді мына формула бойынша есептеулер жүргіземіз:
ω1= → 60 =
60(500+x) = 1,1x100
30000 + 60x = 110x
30000 = 110x – 60x
30000 = 50x
x = 600
Жауабы: E
6. Ас тұзы ерітіндісін электролиздегенде 2,8 л(қ.ж.да) хлор
бөлінді. Түзілген ерітіндіге 7,75 г фосфорға концентірлі азот
қышқылы әсер еткенде түзілген фосфор қышқылы қосылды.
Соңғы ерітіндіде түзілген тұздың массасын (г) есептеп табың-
дар.
A) 30,00
B) 34,00
C) 45,48
D) 58,00
E) 25,25
Шешуі:
Берілгені:
V(Cl2) – 2,8 л
m(P) – 7,75 г
———————————
табу керек: m(тұз) - ?
1) Ас тұзының электролиз теңдеуін жазып, түзілген ерітіндідегі
сілтінің массасын табамыз:
2NaCl + 2H2O Cl2↑+H2↑+2NaOH
22,4 л —— 80 г түзілді
2,8 л —— х г түзілді
х = 10 г NaOH
2) Фосфордың концентірлі азот қышқылымен әрекеттесу тең-
деуі бойынша түзілген фосфор қышқылының массасын есеп-
тейміз:
3P + 5HNO3 + 2H2O = 3H3PO4 + 5NO↑
3.31 гнан ————— 3.98 гтүзіледі
7,75 гнан ————— х г түзіледі
х = 24,5 г
3) Түзілген сілті мен қышқылдың мөлшерін анықтаймыз:
ν= = = 0,25 моль NaOH
ν= = = 0,25 моль H3PO4
4) Фосфор қышқылы үш негізді қышқыл болғандықтан, ол үш
түрлі тұз түзеді:
а) 3NaOH + H3PO4 = Na3PO4 + 3H2O
ә) 2NaOH + H3PO4 = Na2HPO4 + 2H2O
б) NaOH + H3PO4 = NaH2PO4 + H2O
Соңғы теңдеуде заттардың 1 : 1 моль қатынаста әсерлесуі
көрініп тұр, осы теңдеу бойынша түзілген тұздың массасын
табамыз:
NaOH + H3PO4 = NaH2PO4 + H2O
1 моль – 1 моль – 1 моль
0,25 моль – 0,25 моль – 0,25 моль
ν= → m(NaH2PO4) = ν.M(NaH2PO4) = 0,25.120 = 30 г