Skip to content

«ЖАС САРБАЗ – 2026»

🇰🇿 Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Шабыт» жобасы аясында, Әкелер кеңесінің тікелей қолдауымен дәстүрлі «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық фестивалі мен спорттық сайыстары өз мәресіне жетті!
Сайыс бағдарламасы мен нәтижелері:
Спорттық дода (Күш пен Төзімділік):
Әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен спорттық кезеңде оқушылар нағыз төзімділік танытты:

  • Кермеден тартылу;
  • Итермелеу жаттығулары;
  • Отырып тұру.
    Күш пен ептілікті қажет ететін бұл сайыста әр сынып намысты қолдан бермеді.

Саптық шеру және Патриоттық ән:
Фестивальдің ең көрікті бөлімі — саптық шеру. Мұнда 5-6, 7-8 және 9-10 сыныптар арасында тартысты бәсеке өтті:

  • Взводтар рапорт беріп, саптық тәсілдерді мінсіз орындады;
  • Қазақстандық авторлардың патриоттық әндерін асқақтата шырқады;
  • Әскери тәртіп пен біркелкі киім үлгісін паш етті.

Марапаттау сәті:
Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік взводтар мен командирлер Әкелер кеңесі мен мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды.