Мақсаты: Үйірме жоспарларының жүзеге асуы.
2020-2021 оқу жылында короновирустық инфекцияның таралуын алдын-алу жағдайында ұйымдастырылған оқу үрдісінде үйірмелер І жартыжылдықта қашықтықтан өткізілді. Оқушыларға онлайн жарыстар, көрмелер және қашықтықтан сайыстар ұйымдастырылды. Оқушылардың бос уақыттары тиімді, пайдалы және қызықты ұйымдастырылды. Әр үйірмеге жеке тоқталатын болсақ:
Спорттық үйірмелер:
Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау үшін кеңістік құру.
Өткізілген іс-шаралар:
- 11 сынып оқушылар арасында вело-челлендж ұйымдастырылды.
- 6 А сынып оқушыларымен ЗУМ платформасы арқылы таңертеңгі дене жаттығу өткізілді.
- Облыстық мектептер арасында волейболдан онлайн жарысқа қатыстық. 9 Ә сынып оқушысы Мұстафа Мерей, 11 А сынып оқушысы Олжатай Әділ.
- 5,6,7,11 сыныптармен «5 тас» ұлттық ойынынан онлайн-турнир ұйымдастырылды.
- 5 А сынып ата-аналар арасында онлайн форматта «Салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы челлендж», қарапайым жаттығудан бастап ұлттық ойыннан аяқтадық.
- «Бақытты отбасы» видеобейне челленджі.
- 6 сынып оқушылар арасында «Шынықсан шымыр боласың» челленджі.
- Жоғары сынып оқушылары арасында Вело-челлендж үйымдастырылды.
- «Жасыбай достарын шақырады» атты туристік саяхат.
- Мектеп оқушыларымен «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты челленджі.
- «Часы Фишера» желісі арқылы шахматтан онлайн жарыс.
| Мектебімізде денсаулық фестивалі болып өтті. Қашықтықтан оқушылар ата-аналарымен бірігіп, жаттығулар орындап, үйде эстафеталарды қабылдады. | |
| Спорт –денсаулық кепілі. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай – ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Ұйымдастырған: Ескендирова Майса Тусуповна | |
| Оқушылар бос уақыттарында шахмат ойнау әдістерімен бөлісіп, платформалар арқылы шахмат ойнауда. | |
| ♟Шахмат – ертеде пайда болған танымды да, қызықты спорт ойыны. «Корольдер ойыны» деп те аталады. Өзің айтқандай, шахмат – нағыз ақыл-ой спорты. Оның пайдалы тұстары ертеден-ақ белгілі. Шахмат адамды жылдам ойлауға, тез шешім қабылдау мен бірінші қадам жасауға үйретеді. Тақта үстіндегі ойынның өміріңе де сабақ болар тұстары жетерлік. Шахматты ойнау – зейінділікті дамытады, моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Адам дүниетанымын кеңейтуге септігін тигізеді. Ал ең бастысы, шахмат – адамның логикалық ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Рухани күш сыйлайды. Шахматты меңгерген адам сарапшы да бола алады. Себебі, ол ойында жеңсе де, жеңілсе де өз жүрісінің дұрыс немесе қате екеніне баса мән береді. Ойын біткен соң да оны ақыл-ой таразысынан өткізеді. Адамның алдын-ала ойлау қасиетін қалыптастырады. Демалыс күндерін пайдалы өткізу мақсатында 12- қараша күні 10 “А” сынып оқушылары арасында шахмат турнирі өтті.Ол “Часы Фишера” желісінде ойналып, 3 жеңімпаз анықталды: 🥇Кенжебек Альфараби 🥈Амангелді Дияр 🥉Ромазанова Айжан Жеңімпаздарымызды кұттықтаймыз!💐 | |
| 9-11 сынып оқушылары арасында Вело-челленджті дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.В.Сыпатаев ұйымдастырды. | |
| Әкелер мен ұлдар арасында жаттығулар челленджі өтті. Оқушылар мен әкелер белсенді қатысты. | |
| А. Р. Шокиннің 95 жылдығына арналған “Қозғалыс – өмір” чирлиндингі ұйымдастырылды. | |
| Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз! Майса Тусупқызымен бірге жаттығулар орындап, шымыр боламыз! | |
| Ұлттық спорт түрлері бойынша онлайн жарыстар үнемі ұйымдастырылуда. «Бес тас», «Тоғызқұмалақ» | |
| ” Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” тақырыбында танымал спортшы Саденов Сайдулламен оқушылар арасында онлайн кездесу өтті. Зум арқылы 95 оқушы қосылып, өз сұрақтарын қойып, қонағымыз салауатты өмір салтын ұстану ережелерімен, ақыл- кеңестерімен бөлісті. |
Пікірсайыс үйірмесі:
«Пікірсайыс» үйірмесі жоспарын бекіткізіп жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілді, оқушылармен жұмыс атқарылды. Бүгінде пікір сайыс жаңашыл педагогикалық технология ретінде оқыту мен тәрбиелеудің түрлері мен әдістері, оқыту моділі сипатында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік құралдарда қаралып жүр. Пікірсайыста тақырыпты оқушыларға алдын-ала хабарлап білдіру, білдірмеу тақырыпты ауқымдылығына байланысты.
Барлығымыз белгілі Пікірсайыс қарама-қайшы көзқарастығының қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Үйірмеге тілі шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп аша білетін оқушылар тартылады. Үйірмені жүргізуде халық ауыз әдебиеті үлгілері (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер) қолданылды . Сабақ мазмұнына сай баланың алған білімін толықтырып, тілдерін байытып, жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етуде. Оның дәлелі ретінде, пікірсайысшыларымыздың түрлі жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындармен оралуында.
“Жас дарын” пікірсайыс клубының мүшелері “Праймериз – жастар үшін жаңа мүмкіндік” атты облыстық дебат турниріне белсене қатысып, үздік нәтиже көрсетті.
Ахмади Мағжан, Ертысбай Назерке – қазақ лигасында “Үздік спикер” номинациясын жеңіп алса,
орыс лигасының “Dostar” фракциясында – Мусин Адильжан, Косанов Адильхан І орынға ие болды.
Облыстық пікірсайысы ұйымдастырылды.
«Ұшқыр ой» алаңына қатысты. Үнемі жүлделі орындарға ие.
Ақпан айында Республикалық пікірсайыс өткізу жоспарлануда.
Би үйірмесі:
Оқушылар би үйірмесіне қашықтықтан қатысады. Түрлі жаттығулар орындап, «Би марафондарын» ұйымдастырып, түрлі би қимылдарын үйренуде. Би үйірмесінің жетекшісі: Тезекбай Майра Болатқызы.
Би өнерімен айналысу оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс жүріп тұруына, иілгіштік қабілетінің артуына, ауамен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын ырғағын, мазмұнын ажырата білуге көмектеседі. Төменгі сынып оқушылары арнаулы қондырғысыз – ақ залдың ортасында бимен айналысуына болады. Ол үшін ойын түрінде берілетін нақты қимыл қозғалыс жаттығуларына көбірек көңіл бөлуі қажет. Олар қимыл қозғалыспен музыканы үйлестіру шеберлігін дамытады.
Мақсаттары:
Оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін – өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Сезіну, есту қабілетін дамыту.
Қимыл – қозғалыс аппараттарының жүрек қан айналымын реттеп, жақсарту.
Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.
Музыкалық шығармалардың буын – ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.
Теория және практика жүзінде қозғалысын дұрыс сезіне білу.
Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.
Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Би өнерімен айналысқан ұлдар мен қыз балалар денесінің сымбаттылығымен, әдемі жүріс – тұрысымен, музыкалық ырғақты ажырата білуімен ерекшеленеді. Би өнерімен айналысу шығармашылық шеберліктердің негізін қалап, өзін – өзі жетілдіруге деген қызығушылығын арттырады.
Таланттылар әлемі. Ертіс арнасында оқушыларымыз өнер көрсетуде.
Қаңтардың 6. 8. 13 “Күрделі би |қыймылдарымен таңысу”. атты ашық сабақ апталығы өтті. Мақсаты гимнастикалык қыймылдарды енгізу арқылы би суреттің күрделендіру.
Вокал үйірмесі:
Жетекшісі: Мизан Жұмали
Вокал үйірмесі қашықтықтан ұйымдастырылып, жоспарға сай өткізілуде.
Үйірменің мақсаты:
- Баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық, ізгілік, адамгершілік қаксиеттерні бойына сіңіруді, қоршаған дүниенің шындығын көркем құралдар арқылы түсіндіру.
- Жеке тұлғаның рухани мәнін ашу, шығармашылық өнер негізінде шығармашылық жағынан дамыту;
- Оқушыларды музыкалық мәдениетін озық үлгілерімен таныстыру;
- Оқушыларды әлемдік музыкалық композиторлардың және ҚР-ның белгілі композиторлардың әндерімен таныстыру;
- Музыкалық шығармалармен тек мектептегі сабақта ғана танысып қоймай оларды теледидардын, радио хабардан, концерттерден де тыңдап жанрларды ажырата білуге;
- Ұнаған шығарманы есте сақтап дәптерлеріне оның атын композиторының орындаушысының аты-жөнін жазып, оны басқа орындаушылармен салыстырып, орындаушылық ерекшеліктерін тажырту;
- Кітаптармен басылымдардан музыка композитор орындаушылр жөнінде мәліметтерді оқи жүру;
- Ән айту ережелерін үйрену;
- Әннің мазмұнын түсініп орындалу және де оны көрерменге жеткізе білуге үйрену;
Міндеттері:
-әншілік өнердің даму тарихымен, кәсіби және халық ауыз шығармашылық дәстүрлерімен, оның көп түрлі құрамымен танысу;
-оқушыларға ән айту ережелерімен және сахна мәдениетінің қыр-сырларын тереңдете үйрету;
-кәсіби музыканың ерекшеліктерін ажырата білу біліктерін дамыту;
-музыкасауатты негізімен қаруландыру;
-музыканы тыңдау,
-үйренген музыкалық шығармалардың авторларымен таныстырып, қандай жанр түрлерінен жататынын анықтай білуге;
-оқушыларды жеке және хормен қосылып ән айтуға үйрету;
-әртүрлі құралдардың дыбыс үніндегі дыбыс бояуын ажырата білу біліктілігіне үйрету;
-орындаушылық машығын тәрбиелеу, музыкалық жан-жақтығын кеңейту;
-сауаттылығын дамыту;
-вокалды хор дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау;
-екі дауысты ән айту үшін өзінің тобында айтылатын әуенді жақсы білу;
-оқушылар біор топьың әуенін, ал мұғалім екінші топтың әуенін орындаса, әуендегі дыбыстардың нотадағы қозғалысын бақылауға тырысу;
-оқушылар әнді екі дауыста ән айту дұрыс орындаса, өз әуенінің басқа топтағы әуенді тыңдау;
-оқушылар мұғалімнің көмегінсіз әнді екі дауыста орындаса, ән үйретіліп болды деген сөз;
Оқушылар қашықтықтан түрлі сайыстарға қатысуда. Сонымен қатар, оқушыларымыз мерекелерде «Ертіс» арнасында ән салып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлауда.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ “БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН” ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ЧЕЛЛЕНДЖІ ШАҢЫРАҚТАР арасында өтті.
Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы үшін мектебімізде «Абай – дана, Абай –дара» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Абай әндері» конкурсы онлайн форматта өтті.
Домбыра үйірмесі:
«Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Майра Болатқызы Тезекбай.
«Домбыра» үйірмесі қашықтықтан өткізілуде. Оқушылардың көбінің қолында домбыра болмағандықтан, әзірше оқушылар теориялық білім алуда.
Оқушылардың домбыраға деген қызығушылықтарын Майра Болатқызы оята білді. Қазіргі таңда оқушылар қашықтықтан домбыра үйірмесіне белсене қатысуда.
Мизан Жұмали айтысқа қатысу үшін оқушыға домбыра тартуды үйретті.
Ұсыныс:
Үйірме жұмысын әрі қарай жандандыру.
Домбыра үйірмесі бойынша наурыз айында оқушылармен нәтиже көрсету.
Қашықтықтан өткізіліп жатқан сайыстарға белсене қатысу.
Спорттық онлайн жарыстар ұйымдастыру.
МДТЖО: Сеитова Н.С.
KZ
