Skip to content

Пәндік олимпиада жетістігі

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы

Атырау қаласында 2018 жылғы 15-20 наурыз күндері өткен Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы  бойынша  «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары  3 жүлделі орынға ие болды.

Математика пәнінен кезекті рет жеңімпаз атанған 11 сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир (мұғалімі Текенов А. А.).

Күміс медальға ие болған 9 сынып оқушысы Абдыгалиев Жандос (математика, мұғалімі Текенов А. А.).

Қола медаль иеленген 11 сынып оқушысы Токкожин Аспандияр (математика, мұғалімі Байсарин Е. М.).

«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир Қазахстан-Британдық техникалық университетінің грантымен марапатталды.