Skip to content

Оқушылардың ғылыми жобалар конкурсы

2021 жылғы Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбы аясындағы оқушылардың ғылыми зерттеулер конкурсында «Жас дарын» мектебінің  олимпиадалық алтын қоры 1 алтын медальмен және 2 қола медальмен толықтырылды:  І орында  информатика секциясында  11 – сынып оқушысы Акильбеков Алар «Қазақ тіліндегі қолжазба мәтінді тануға арналған қосымша әзірлеу» тақырыбы бойынша (жетекшісі Шайхимов А.А);   ІІІ орында 10 –  сынып оқушылары Турганбекова А. мен Қайролла Ж. биология  секциясында  командалық жұмыспен «Павлодар саяжайларындағы өсірілетін алқа тұқымдыстарына ерітіндінің pH әсері» (жетекшісі Қисап А.С.).