Skip to content

«Оқушыдан-Оқушыға» жобасы 2025-2026 оқу жылында жалғасуда

«Жас дарын мамандандырылған мектеп – лицейі» мен Павлодар облысы «Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мектебі арасындағы 2021 жылдың 25 қараша күні бекітілген Меморандум негізінде «Оқушыдан-Оқушыға» жобасы 2025-2026 оқу жылында жалғасуда. Жобаның басты мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, ізеттілікке , қамқорлыққа мектеп қабырғасынан үйрету. 8-11 сынып оқушылары математика,қазақ тілі,ағылшын тілі,информатика,физика пәндерінен өтілген тақырыптар бойынша кеңес беру сабақтарын өткізуде.