Аталмыш шара барысында оқушылар қазақ әдебиеті сөз зергерлерінің көркем туындыларын өз қалауларымен оқиды. Бұл шара оқушылардың сөздік қорын кеңейтіп, сөйлеу және оқу техникасын дамытуда септігін тигізуде.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында лицейімізде 5-10-сынып оқушылары арасында «Кітап- білімнің бастауы» атты кітап оқу сайысы жариялаймыз!
Оқуға ұсынылатын шығармалар:
5-сынып.
- Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі (хрестоматия)
- Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі (хрестоматия).
6-сынып.
- Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» повесі (хрестоматия).
- Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі (хрестоматия).
7-сынып.
- Мағжан Жұмабев «Батыр Баян» поэмасы (хрестоматия).
- Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесі (хрестоматия).
8-сынып.
- Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы (хрестоматия).
- Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі (хрестоматия).
9-сынып.
- Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» хикаясы(хрестоматия).
- Ғабит Мүсірепов “Ұлпан” романы (хрестоматия).
10-сынып.
- Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы. (хрестоматия).
- Айгүл Кемелбаева “Шашты” әңгімесі(10-сынып оқулығы).
«Әкелер кеңесі» демеушілігімен сайыстан сүрінбей өтіп, жүзден жүйрік атанғандарға биылғы оқу жылы 3 велосипед сыйға тарту етіледі!
Сайыс шарттары:
✅ Берілген тізім бойынша ең көп кітап оқыған оқушылар іріктеледі.
✅ Оқыған кітаптары бойынша сұрақтарға жауап беру, кез келген жерінен мазмұндау талап етіледі.
✅ Оқылған шығарма желісі бойынша шығармашылық тапсырма орындайды.
Сайыс мерзімі:
📅 Сәуір-мамыр айының 12 – сіне дейін жалғасады.
📅 1-іріктеу кезеңі – 5 мамыр. Форма: жабық тестілеу
📅 2- кезең – 8 мамыр. Форма: ашық сұрақтар
📅 3- ақтық кезең – 12 мамыр. Шығармашылық тапсырма
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Топ жарған» мерекелік іс-шарасында марапатталады.
Жеңімпаздар :
🏆 5-6-сынып аралығы – 1 велосипед
🏆 7-8- сынып аралығы– 1 велосипед
🏆 8-10- сынып аралығы – 1 велосипед
Жүлдегерлер дипломмен марапатталады.

KZ

