Skip to content

Мектеп-лицейінің басшысы Г.С. Жанғазы және басшының ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары А.Т. Шаймерденова «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институтына кездесуге барды.

Мектеп-лицейінің басшысы Г.С. Жанғазы және басшының ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары А.Т. Шаймерденова «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институтына кездесуге барды.

Кездесу барысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жұмыс жоспары, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту және біліктілікті арттыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында педагогтердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, кәсіби тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін Lesson Study тәсіліне ерекше мән берілді. Бірлескен зерттеу жүргізу арқылы сабақ беру үдерісін жетілдіру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және білім алушылардың оқу жетістіктерін арттырудың тиімді жолдары қарастырылды.
Алдағы уақытта «Өрлеу» Павлодар мен «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қою көзделіп отыр.
Аталған серіктестік педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, тиімді тәжірибелерді таратуға, тәжірибе алмасуды күшейтуг