Skip to content

Қ. Бекхожин атындағы мектепте өткен «QURYLTAI CUP» облыстық пікірсайыс турнирінде біздің оқушыларымыз жоғары дайындық пен ерекше ораторлық шеберлік көрсетті.

Сөз сайысында логика мен ұшқыр ойды ұштастырған шәкірттеріміз келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
🏆 Жетістіктеріміз:
«Кейін» командасы- Балтабай Мағжан «Альфа» лигасының ФИНАЛИСІ атанды!
«FM INFINITY ALLIANCE» командасы — Даутова Фариза мен Бақыт Мирас ең үздік ойын өрнегі үшін «СӨЗ САҢЛАҒЫ» номинациясын иеленді!
Турнирге қатысқан: Тунгышбаева Алима, Мағзымқызы Әлия, Даутова Фариза, Бақыт Мирас және Балтабай Мағжан өздерінің білімділігін, мәдениеттілігін және кез келген тақырыпта терең талдау жасай алатынын дәлелдеді. Оқушыларымыздың бойындағы бұл жігер мен шешендік өнер — біз үшін үлкен мақтаныш!

🌟 Оқушыларды додаға баптаған жетекші: Исабаева Зарина Нурлановна.