Жақында мектебіміздің белсенді ата-аналар қауымы, атап айтқанда Әкелер, Әжелер және Аналар кеңестерінің мүшелері «Халық радиосының» қонағы болып қайтты.
Сұхбат барысында:
- Мектеп қабырғасында атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар;
- Ұрпақ тәрбиесіндегі аға буын мен ата-ананың рөлі;
- Мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығы туралы ой қозғалды.
Біздің ата-аналарымыз тек бақылаушы ғана емес, мектеп өмірінің нағыз қозғаушы күші екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың шығармашылық және тұлғалық дамуына бағытталған жобалар туралы әңгіме өрбітті.

KZ

