Skip to content

«DARYN ECOART» сурет және көркем қолөнер республикалық экологиялық конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 1-6 сынып оқушыларына «DARYNECOART» республикалық сурет және көркем қолөнер экологиялық конкурсын өткізді.

Конкурс  екі бағытта өтті:

  • туған өлкенің пейзажы мен табиғаты тақырыбында үздік сурет конкурсы;
  • қайта өңделген материалдар мен қалдықтардан және т.б. жасалған ең үздік көркем қолөнер конкурсы. 

    Конкурстың облыстық кезеңінде    5 сынып оқушысы Балтабек Нұрхан мен  6 сынып оқушысы Жақсылық Айша 2-орын жүлделі орынға /мұғалім Арапбай Ш./ иеленді,  6 сынып оқушысы Сейітқазы Аружан /мұғалім Тологони Қ.Т./   жеңімпаз атанды.  Аружанның «Хакім ата» тақырыбындағы тоқыма-иірім жұмысы республика деңгейінде III дәрежелі дипломы мен арнайы сыйлықпен бағаланды.