Skip to content

Бүгін мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шара Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» және «Адал еңбек» сияқты маңызды идеологемалар мен «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын дәріптеуге арналды.
Бұл оқу жылында 206 үміткердің ішінен суырылып шыққан 72 дарынды оқушы 5-сыныпқа қабылданды. 11-сынып оқушылары соңғы мектеп жылын бастап, төменгі сыныптарға үлгі-өнеге көрсететін жауапты кезеңге аяқ басты.
Бүгінгі күн – ел ертеңін қалыптастыратын зерек те білімді, табиғатты аялайтын және Заң мен Мемлекеттік рәміздерді құрметтейтін патриот ұрпақ тәрбиелеудің жаңа бастамасы!
#1Қыркүйек2026 #БілімКүні #АдалАзамат #ТазаҚазақстан #ЗаңМенТәртіп ЗерделіҰлт