«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Еңбегі адал жас – өрен» мектепішілік «Мамандықтар әлемін ашамыз» жобасы шеңберінде Astana IT University кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында мектебіміздің 2025 жылғы түлегі Майдан Ирадат 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ирадат өзінің университетке түсу жолы, таңдаған мамандықтары, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен студенттік өмір туралы пайдалы ақпараттарымен бөлісті. Сонымен қатар, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы, шетелдік білім беру мүмкіндіктері және жеке даму жолдары жөнінде кеңестер берді.

KZ

