Skip to content

“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Еңбегі адал-жас өрен” мектепішілік “Мамандықтар әлемін ашамыз” жобасы шеңберінде 9-“б” сынып оқушыларымен мектебіміздің ата-анасы Айтуаров Ризат Боранбаевичпен кездесу өткізілді.

Жоба барысында оқушыларымыздың кәсіби бағыт-бағдарын анықтау, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып мамандық таңдау жолдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісілді.
🔹 Ата-аналар балаларымен бірге болашақта қандай мамандықтар қажеттігі туралы ой бөлісіп, түрлі мамандықтар туралы түсінік алды.
🔹 Оқушыларымыздың жеке қабілеттерін дамыта отырып, болашақта таңдаған мамандықтары бойынша дұрыс шешім қабылдауға көмек көрсету мәселелері қаралды.
Біз үшін балаларымыздың болашағы ең маңызды, сондықтан осы жолда ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс істеу өте маңызды. Біз жоба барысында балаларымызға сапалы білім мен дұрыс бағыт беру үшін бірге жұмыс істей береміз! Бұл жобаға қатысып жатқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!