Қамқоршылық кеңесі мен Әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен дәстүрлі “Денсаулық күні” мерекесі жоғары деңгейде өтті!
Таза ауа, қарағай иісі мен айналаның сұлулығы мерекенің ажарын аша түсті. Табиғат аясында мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар бірге серуендеп, ерекше жақын араласты. Ашық аспан астында сүйікті тағамдар дайындалып, берекелі дастарқан жайылды.
🎉 Күннің басты сәттерінің бірі мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы шынайы сыйластық пен бауырмалдық болды.
Бұл күн баршамызға серпіліс сыйлап, мектеп пен шаңырақ арасындағы достық көпірін одан әрі нығайта түсті. Бес саусақтай жұмылып, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Қамқоршылық кеңесі мен Әкелер кеңесіне, сондай-ақ белсенділік танытқан ата-аналарымызға алғыс білдіреміз!
KZ

