
Сынып сағаттарында оқушылар аға буынмен және сынып жетекшілерімен бірге мынадай маңызды құндылықтарды талқылады:
- Заң мен тәртіп және Адал азамат: Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір жауапты азаматтың парасатты парызы.
- Таза Қазақстан: Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті күнделікті әдетке айналдыру.
- Зерделі ұлт және Адал еңбек: «Толық адам» мен «Адал еңбек» идеологиясы арқылы кітап оқу мәдениетін дамыту, білімге деген құштарлықты арттыру.
Алған терең білім мен адал еңбек – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Барша оқушыларымызға жаңа оқу жылында тек шыңдарды бағындыруды тілейміз!
KZ

