Форумға мектебіміздің парламенті қатысып, экология, құқық және тәртіп, еріктілер бағыттары бойынша өз белсенділіктерін көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі командалық жұмыстарға қатысып, тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті. Форум соңында әр қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар, мектебіміздің 10-«Ә» сынып оқушысы Даутова Фариза форумға ең белсенді қатысқаны үшін арнайы сый-сияпатпен марапатталды. Осындай жетістіктерімізбен мақтанамыз!

KZ

