«Сенімен Болашақ» РҚБ қоғамда азаматтық жауапкершілік пен сананы арттыру жолында үздіксіз қызмет етіп келеді.
«Мен үкіметтен не аламын деп емес, мен үкіметке, елге, қоғамға не бере аламын?» деген жанашырлық ниеттен туған ой бүгінде республиканың әр өңірінде үлкен бірлестікке айналды. Бұл бастама идея авторы, құрылтайшымыз Нұркен Жарылқапұлы Асановтың қолдауымен жүзеге асып келеді.
Біздің мақсат — азаматтық қоғам қалыптастыру, әрбір азаматтың жанашырлық, достық, жауапкершілік қасиеттерін дамытып, азаматтық санасын арттыруға ықпал ету.
Осы мақсатта облысымыздағы ата-аналардың басын қосып, жанашырлық пен достықты нығайту, қоғамға ой тастау, ұрпаққа үлгі болу мақсатында волейболдан «Ата-аналар лигасы» бастау алған болатын. Күні кеше мереке қарсаңында 2025–2026 жылдың қорытынды маусымдық ойыны өткізілді.
Шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болып, жанашырлық танытқан «Жас Дарын» мектебінің басшысы Жангазы Гүлнар Садыққызына және мектеп ұжымына зор алғыс айтамыз!
Ашылу салтанатына арналған 1-бөлім бейнематериалын қабыл алыңыздар.
Павлодар қаласындағы «Жас Дарын» мектебінде Отан қорғаушылар күніне орай «Ата-аналар лигасы» аясында жарқын волейбол турнирі өтті.
Спорттық азарт, командалық рух және жанкүйерлердің қолдауы жарысты ерекше әсерлі әрі жылы атмосферада өткізді.

KZ

