Skip to content

2026 жылғы 24 сәуір күні “Жас Дарын” мамандандырылған мектеп-лицейі Павлодар облысы Білім беруді дамыту орталығымен бірлесіп математика, информатика және физика пәні мұғалімдеріне арналған «Шексіз мүмкіндіктер: ғылым және инновация» тақырыбында 0-3 жылға дейін педагогикалық өтілі бар жас мамандарға облыстық форум өткізді.

Форумның мақсаты – «Үш таған: математика, информатика жіне физика» пәндері педагогтері арасында өзара пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және білім алушылардың функционалдық дағдыларын дамыту жолдарын жаңа қырынан талқылау болды.
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи оқыту тәсілдерін саралап, пәндер арасындағы кіріктірілген байланысты күшейту, оқушылардың логикалық ойлауын, зерттеушілік қабілетін және өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістерді ортаға салды.
Форум алаңында ұсынылған тәжірибелер мен идеялар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру үдерісін жетілдіруге тың мүмкіндіктер ашты.
Сонымен қатар, форум аясында өткізілген пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды