Skip to content

Мектебіміздің тыныс-тіршілігі мен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы игі істер радио эфирінде жалғасты!

Жақында мектебіміздің белсенді ата-аналар қауымы, атап айтқанда Әкелер, Әжелер және Аналар кеңестерінің мүшелері «Халық радиосының» қонағы болып қайтты.

Сұхбат барысында:

  • Мектеп қабырғасында атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар;
  • Ұрпақ тәрбиесіндегі аға буын мен ата-ананың рөлі;
  • Мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығы туралы ой қозғалды.
    Біздің ата-аналарымыз тек бақылаушы ғана емес, мектеп өмірінің нағыз қозғаушы күші екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың шығармашылық және тұлғалық дамуына бағытталған жобалар туралы әңгіме өрбітті.