Skip to content

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде спорттық үйірмелер жұмысы туралы анықтама.

Мақсаты: Спорттық үйірмелер жұмысының сапасын, өткізілу деңгейін, оқушылардың қамтылуын бақылау.

«Жас дарын» мамандандырылған мектебінде тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, футбол және шахмат  үйірмелері жұмыс атқарады. Мектепте үш дене шынықтыру мұғалімдері – Е.В.Сыпатаев, М.Т.Ескендирова, Ж.К.Маненов жетекшілік етеді. 

  Көрсеткіштератауы Наименованиепоказателейбарлығы всегоОның ішінде спорт секциялары из них спортивные секциибарлығы всего
волейболдық волейбольныебаскетболдық баскетбольныефутболдық футбольныетеннис теннисшаңғытебуспорты лыжный спортконьки тебуспорты конькобежный спорткүрес (барлықтүрлері) борьба (все виды)ұлттықойындар национальные игрышахматтық-шашкалық шахматно-шашечныебасқаспорттық другие спортивные
А123456789101112
үйірмелер саны (секциялар), бірлік количество кружков (секций), ед.           4
Ақысыз үйірмелер саны (секциялар), бірлік количество бесплатных кружков (секций), ед.5111    11 4
оқушылар саны, адам количество учащихся, чел.229634832    1769 137
Оның ішінде ауылдық жерде  из них в сельской местности            
Оның ішінде қыздар, из них девочек9242150    1332 71
Оның ішінде қазақ тілінде оқитын, из них обучаются на казахском языке9242150    1332 71
СыныпҮйірме атауыЖетекшісіАпталық сағат саны
15-6Волейбол (қыздар)Сыпатаев Е.В.2
28-9Волейбол араласСыпатаев Е.В.2,5
35-6-7ФутболМаненов Ж.К.2,5
45-6-7футболМаненов Ж.К.2
55-6баскетболЕскендирова М.Т.2
67-8БаскетболЕскендирова М.Т.2
78-9-10ТоғызқұмалақЕскендирова М.Т.0,5

2020-2021 оқу жылында короновирустық инфекцияның таралуын алдын-алу жағдайында ұйымдастырылған оқу үрдісінде үйірмелер І жартыжылдықта қашықтықтан өткізілді. Оқушыларға онлайн жарыстар, көрмелер және қашықтықтан сайыстар ұйымдастырылды.  Оқушылардың бос уақыттары тиімді, пайдалы және қызықты ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шаралар:

  1. 11 сынып оқушылар арасында вело-челлендж ұйымдастырылды.
  2. 6 А сынып оқушыларымен  ЗУМ платформасы арқылы таңертеңгі дене жаттығу өткізілді.
  3. Облыстық мектептер арасында волейболдан онлайн жарысқа қатыстық. 9 Ә сынып оқушысы Мұстафа Мерей, 11 А сынып оқушысы Олжатай Әділ.
  4. 5,6,7,11 сыныптармен «5 тас» ұлттық ойынынан онлайн-турнир ұйымдастырылды.
  5. 5 А сынып ата-аналар арасында онлайн форматта «Салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы челлендж», қарапайым жаттығудан бастап ұлттық ойыннан аяқтадық.
  6. «Бақытты отбасы» видеобейне челленджі.
  7. 6 сынып оқушылар арасында «Шынықсан шымыр боласың» челленджі.
  8. Жоғары сынып оқушылары арасында Вело-челлендж үйымдастырылды.
  9. «Жасыбай достарын шақырады» атты туристік саяхат.
  10. Мектеп оқушыларымен «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты челленджі.
  11. «Часы Фишера» желісі арқылы шахматтан онлайн жарыс.
Мектебімізде денсаулық фестивалі болып өтті. Қашықтықтан оқушылар ата-аналарымен бірігіп, жаттығулар орындап, үйде эстафеталарды қабылдады.
 Спорт –денсаулық кепілі.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай – ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Ұйымдастырған: Ескендирова Майса Тусуповна
Оқушылар бос уақыттарында шахмат ойнау әдістерімен бөлісіп, платформалар арқылы шахмат ойнауда.
♟Шахмат – ертеде пайда болған танымды да, қызықты спорт ойыны. «Корольдер ойыны» деп те аталады. Өзің айтқандай, шахмат – нағыз ақыл-ой спорты. Оның пайдалы тұстары ертеден-ақ белгілі. Шахмат адамды жылдам ойлауға, тез шешім қабылдау мен бірінші қадам жасауға үйретеді. Тақта үстіндегі ойынның өміріңе де сабақ болар тұстары жетерлік. Шахматты ойнау – зейінділікті дамытады, моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Адам дүниетанымын кеңейтуге септігін тигізеді. Ал ең бастысы, шахмат – адамның логикалық ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Рухани күш сыйлайды. Шахматты меңгерген адам сарапшы да бола алады. Себебі, ол ойында жеңсе де, жеңілсе де өз жүрісінің дұрыс немесе қате екеніне баса мән береді. Ойын біткен соң да оны ақыл-ой таразысынан өткізеді. Адамның алдын-ала ойлау қасиетін қалыптастырады.
Демалыс күндерін пайдалы өткізу мақсатында 12- қараша күні 10 “А” сынып оқушылары арасында шахмат турнирі өтті.Ол “Часы Фишера” желісінде ойналып, 3 жеңімпаз анықталды:
🥇Кенжебек Альфараби
🥈Амангелді Дияр
🥉Ромазанова Айжан
Жеңімпаздарымызды кұттықтаймыз!💐
 
9-11 сынып оқушылары арасында Вело-челленджті дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.В.Сыпатаев ұйымдастырды.
Әкелер мен ұлдар арасында жаттығулар челленджі өтті. Оқушылар мен әкелер  белсенді қатысты.
  
А. Р. Шокиннің 95 жылдығына арналған “Қозғалыс – өмір” чирлиндингі ұйымдастырылды.
Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Майса Тусупқызымен бірге жаттығулар орындап, шымыр боламыз!
 Ұлттық спорт түрлері бойынша онлайн жарыстар үнемі ұйымдастырылуда. «Бес тас», «Тоғызқұмалақ»
” Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” тақырыбында танымал спортшы Саденов Сайдулламен оқушылар арасында онлайн кездесу өтті. Зум арқылы 95 оқушы қосылып, өз сұрақтарын қойып, қонағымыз салауатты өмір салтын ұстану ережелерімен, ақыл- кеңестерімен бөлісті.

Сонымен қатар, үйірме жетекшілері ютуб каналын ашып, оқушылармен белсенді жаттығуда.

Ұсыныс:

Үйірме жетекшілеріне короновирустық инфекцияның таралуын алдын-алу жағдайы аяқталғанша қашықтықтан  түрлі жарыстарды, ойындарды әрі қарай ұйымдастыру.

Арнайы жобалар ұйымдастыру.

Мектептің әлеуметтік желілерінде нәтижелі жұмыстарды жариялау.

МДТЖО:                             Сеитова Н.С.