Skip to content

2017-2018 оқу жылына 5 сыныпқа қабылдау туралы

Павлодар қаласының “Жас дарын” мамандандырылған мектебінің 5- сыныптарына оқушыларды қабылдау туралы ақпарат

Мектептің 5-сыныбына түсу үшін оқушылардың білім деңгейін тест арқылы анықталады.

Тестілеуден өтуге өтініш 1.04.2017 -29.04.2017 күндері аралығында  қабылданады.

Өтініш үлгісі:

Павлодар қаласының “Жас дарын”

мамандандырылған мектебінің

директоры С.Т. Хасановаға

      өтініш берушінің аты-жөні   

      мекен-жайы, телефоны      

ӨТІНІШ

Менің балам                       мектеп атауы                   ”    ”    сынып оқушысы

                                     оқушының аты-жөні                                      

осы мектепке қабылдануы үшін тестілеуден өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

бағыты:

– жаратылыстану-математикалық

– қоғамдық-гуманитарлық

     қолы    

      күні     

5-сыныпқа қабылдау бір лекпен өтеді, лек екі кезеңнен тұрады

І кезең: 2017 жылдың 5-мамыр күні өтеді. Пәндік жазба жұмыстар бастауыш мектебінің бағдарламасы негізінде алынады. Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша оқушылардың қабілеттері бағаланады. Оқушыларға шығармашылық, логикалық тапсырмалар ұсынылады.

1.     Математика – 45 мин

2.    Математикалық логика – 45мин

ІІ кезең: 2017 жылдың 6-мамыр күні өтеді. Пәндік жазба жұмыстар бастауыш мектебінің бағдарламасы негізінде алынады. Қоғамдық гуманитарлық бағыты бойынша оқушылардың қабілеттері бағаланады. Оқушыларға шығармашылық, логикалық тапсырмалар ұсынылады.

1.    Қазақ тілі  – 45 мин

2.    Психологиялық тест – 30 мин

Тіркелу уақыты:  8.00 – 8.45 сағ

Басталуы:              9 00  сағ

Аяқталуы:              11 30  сағ

   Сынақ нәтижелері ағымдағы жылдың мамыр айының 10-ші күні мектептін ресми сайтында жарияланады.