Павлодар облысының білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі
«Аналар, әжелер» кеңесінің жұмыс жоспары
Мақсаты: қыз бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізу және оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыру.
Міндеттері:
– Қыз балалардың ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика-эстетикалық
талғамдарын, ойлау қабілетін арттыру, ұлттық
құндылықтарды саналарына сіңіру;
- Әдеп нормаларын ұстауға үйрету;
- Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру;
- Жан-жақты білімді болуға, дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, имандылыққа баулу;
«Мектептің басты мақсаты-жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» М.Дулатов
| № | Өткізілетін шаралардың атауы | Түрі | Жауаптылар | Уақыты | Қатысушы сыныптар |
| 1 | Клуб мүшелерін сайлау. Жоспарды бекіту. | отырыс | Клуб жетекшісі | Қыркүйек | |
| 2 | «Отбасы – бақыт мекені» әжелермен кездесу | кездесу | Сынып жетекшілері | қыркүйек | 10-11 |
| 3 | «Қыз еркем, кестесімен көркем» | кесте тігу, көрпе құрау | Клуб жетекшісі, Әжелер | Аптасына бір рет | 6-11 |
| 4 | «Әжелер сөзі- тәрбие көзі» | танымдық сағаты | Сынып жетекшілері | қазан | 5 |
| 5 | «Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын тағу мәдениеті» | пікірлесу | Сынып жетекшілер | қараша | 9 |
| 6 | «Анамен сырласу» | әңгімелесу | Сынып жетекшілер | желтоқсан | 5-9 |
| 7 | «Қазақ қыздарының шаш үлгісі» туралы не білеміз? | шеберлік сабақ | Қыздар ұйымының жетекшісі | қаңтар | 8-10 |
| 8 | «Жеке бас гигиенасы дегеніміз……… әжелер тілімен | танымдық сағат | Клуб жетекшісі, медбике | ақпан | 5-8 |
| 9 | Алғыс айту күніне орай шаралар | мерекелік шаралар | Сынып жетекшілер | Жоспарға сай | 5-10 |
| 10 | «Әжем, анам және мен» | сайыс | Сынып жетекшілері | наурыз | 4 |
| 11 | «Біз бақытты отбасы» | фотокөрме | Клуб жетекшісі, сынып жетекшілер | сәуір | 1-4 |
| 12 | «Бүгінгі бойжеткен» | әңгімелесу | Сынып жетекшілері | мамыр | 11 |
| 13 | «Менің әжем… » | кездесу | Лагерь жетекшілері | маусым | 1-5 |
KZ
