Құрметті Павлодар облысының 14 мамандандырылған мектептерінің ата-аналары!
2026 жылғы 20 мамыр күні өтетін кездесуге шақырамын. Кездесу Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия базасында ұйымдастырылады.
Мұндай кездесулер — ата-аналармен ашық әрі сындарлы пікір алмасуға, білім беру мен тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды бірге қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дарынды және талантты оқушыларды қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылады.
Кездесу аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаймын.
Өткізу уақыты: жеке қабылдау — 17.00–18.30; ата-аналар жиналысы — 18.30.
Кездесуде жүздесуге қуанышты боламын. Отбасы мен мектептің өзара тығыз байланысы арқылы ғана балаларымыздың жарқын болашағына берік негіз қалыптастыра аламыз деп сенемін.
Құрметпен, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Айгерім Әбенова

KZ

