15 сәуірде жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді: 1 тур – жазбаша – эссе; 2 тур – ауызша. Лицейіміздің 9 -сынып оқушысы Мұхаметқан Аяулым 🥇1-орынды иеленді. Жетекшісі: Сырттанова А.Т.